KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Семейде той дастарханынан дәм татқан 5 адам уланып қалды

4.07.2013, 18:00 209


Семей қаласында үйлену тойына жайылған дастарханнан кейін 5 адам жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, Семей қалалық ТЖ басқармасына бұл жайында шаһардың жұқпалы аурулар ауруханасынан хабарлапты.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушілер той дастарханынан кейін келіп түскен. Алғашқы қойылған диагноз: орташа дәрежедегі тамақтан улану. Қазір уланған тамақтың ошағын анықтап, жою шаралары жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив