Осло қаласында (Норвегия корольдігі) Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Еуропалық аймағының кеден қызметтері басшыларының Конференциясы өтті. Конференция аясында ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы көптеген Еуропа елдерінің кедендік қызметтерінің басшыларымен екі тарап кездесулер өткізді , деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметі таратқан баспасөз парағында айтылған.
Мұндай деңгейдегі отырыстар, кейінгі Дүниежүзілік кеден ұйымға өкіл елдердің кедендік қызметтері басшыларының маусым сессиясының барысында қабылданатын шешімдердің негізі болатын әрекеттену стратегиялық жобалары мен ұйымның даму мәселелерін алдын ала талқылау мақсатында өткізіледі.
Басқосуда Осло қаласында институциялық даму жөніндегі Аймақтық офистар және ақпараттық байланыстар жөніндегі Аймақтық бюросының есептемелері мен Кедендік комитеттің бастапқы есептемелері оқылды.
Конференция аясында ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Италия, Нидерланды, Франция, Австрия, Швейцария, Германия, Түркия және Румыния елдерінің кедендік қызметтерінің басшыларымен екі тарап кездесулер өткізді. Осы кездесу барысында екі тараптық әріптестік мәселелері мен екі тараптық келісімдерге қол қою қажеттілігі талқыланды.