KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Курчатов қаласында өткен қайырымдылық концерті атыраулық бүлдіршінге арналды

17.04.2013, 18:00 127


ШҚО Курчатов қаласында шетелдік дәрігерлік көмекті қажет ететін үш жастағы атыраулық бүлдіршін Ислам Ғабдуллинге қолдау көрсету мақсатында «Сәби болғым келеді» атты қайырымдылық концерті өтті. Мәдени акцияға Атырау қаласынан Ислам анасымен келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«2010 жылы туған Исламның диагнозы - туа біткен ауытқушылық. Бөбек бұған дейін бірнеше рет «Ақсай» республикалық клиникасында және Астанадағы Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығында емдеуден өткенімен, еліміздің дәрігерлері оған ота жасауға дәрменсіз. Ресей медициналық орталығы да отадан бас тартып отыр. Тек «Рамбам» Израил медициналық орталығының мамандары ұқыпты тексерістен кейін Исламды емдеуге дайын екеніндерін айтқан. Сол себепті біз сәбидің емделуіне барынша көмек көрсету мақсатында осы шараны ұйымдастырдық» дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары.

Курчатов қаласында  өткен қайырымдылық концерті атыраулық бүлдіршінге арналдыКурчатовтың жас әншілері Маман мен Арайлым, олардың шәкірттері Бақытқызы Мәрпуға, Аружан Назарханова және Дархан Сарқытбаев мен «Достар» квартетінің қатысуымен өткен қайырымдылық концертіне Атырау қаласынан Ислам анасымен бірге келді.

Концерт барысында көрермендер залына «Қайырымдылық қорабы» қойылды.

Кеш соңында Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ.Қарымбаева және «Надежда» балалар қорының жетекшісі Н.И. Дмитропавленко ізгі іске ұмтылып, көмек қолын созғандарға алғыстарын білдірді.

Комиссия мүшелері қайырымдылық қорабында жиналған 204 мың 842 теңге қаражатты Исламның анасына табыс етті. Бұдан басқа қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер де Исламға шама-шарқыларынша материалдық көмек көрсетті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив