KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 8 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Балғындардың интеллектуалды деңгейін көтерген танымдық ойындар

16.04.2013, 18:00 175


Шемонайха орталық аудандық балалар кітапханасында ең кішкентай оқырмандар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Көктемгі бұлақ» атты танымдық ойын сағаты өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Балалар табиғат құбылыстарын атап, көктем, құстар, гүлдер туралы өлеңдер оқып, жұмбақтарды орыс және қазақ тілдерінде шешті. Сауалдарға жауап берді.

Балалар «Құстар үні», «Осылай бола ма, әлде, болмай ма?», «Құстарға жем бер», «Кім бірінші болып балық аулайды?», «Күн мен жаңбыр» конкурстары мен ойындарына белсене қатысты. Іс-шара «Буратино» қуыршақтар театрының спектакль қоюымен аяқталды.

Балабақша тәрбиешілерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар бала санасының интеллектуалды дамуына оң әсер етеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив