KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Кітапханашылар мәдени сенбілікте Абайды оқуға шақырды (+сурет)

15.04.2013, 18:00 135


Әдетте сенбілік десе көз алдымызға сыпыртқы мен тырмауыш, айыр, күрек елестейді. Биылғы жылы да А. С. Пушкина атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ескі стеротипті жойып, мәдени сенбілікке кітаппен шығуды ұйғарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сенбі күні кітапхана ашық аспан астында демалушыларға ұлы Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұсынды.
Кітапханашылар мәдени сенбілікте Абайды оқуға шақырды (+сурет)
Кітапханашылар мәдени сенбілікте Абайды оқуға шақырды (+сурет)
Кітапханашылар мәдени сенбілікте Абайды оқуға шақырды (+сурет)
Кітапханашылар мәдени сенбілікте Абайды оқуға шақырды (+сурет)
Қалалықтарды ақын шығармашылығымен танысуға шақырған кітапхана мамандары тұрғындарға ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сауалдар қойып, белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, алаңда демалушылар "Жұлдыздар отбасы," "Сезон", "Жұлдызбен сырласу" сияқты т. б. түрлі-түсті журналдарды парақтады.

Жастар жағы шетте қалмай, шахмат пен дойбыға құмар жандар арнайы үстелдерге орналасып, ойын қызығына түсті. Осылайша кітапхана алаңында қызықты кітаптармен танысып, жаңа газет-журналдармен қауышу ересектер мен балалар көңілінен шықты.

Ашық аспан астындағы кітапхана баршаңызды әр сенбі сайын күтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив