KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Ашық аспан астындағы «оқу залы»

27.10.2012, 18:00 149


«Кейінгі буын кітап оқымайды» деген айыптауды үлкендер тарапынан жиі еститін болдық. Компьютер мен технологияның қарыштап дамыған бүгінгі шағында жастарды рухани байытуда кітаптың қызметін ешқайсысы алмастыра алмайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Десек, Шемонайха қаласындағы орталық аудандық кітапхана қызметкерлері жұртшылықты, соның ішінде жас буын өкілдерін кітап оқуға насихаттаудың елде жоқ ерекше тәсілін ойлап тауыпты.

Олар бұрыннан қалыптасқан әдеттегі дәстүрлер мен ғұрып-тарды бұзып, ашық аспан астында «оқу залын» ашуға шешім қабылдаған. Ғылыми-көпшілікке танымал журналдарды, орталық пен жергілікті жердегі мерзімді баспасөздерді түгелдей осы арадан табуға болады.

«Біздің ауданның жаңалық-тары» кітап көрмесінің көмегімен оқырмандар Шемонайха ау-данының соңғы жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қоса, кітапханашы-лар қала тұрғындарын кітапхана қызметі кешенімен таныстырып, үндеу хаттар таратты. Ашық аспан астындағы «оқу залына» қызығушылық білдірмеген, тамашаламаған адам кемде-кем көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды, жастарды газет-журнал мен кітап оқуға тартудың жаңа тәсілі белгілі бір деңгейде өз жемісін берді деуге негіз бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив