KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Өскемен қаласында «Жауынгердің ағашы» атты акция бастау алды

9.04.2013, 18:00 108


Өскемен қаласында «Жауынгердің ағашы» атты акция бастау алды. Кеше Шығыс өңірінен әскер қатарына шақырылған бозбалалар этносаябақта көшеттер отырғызды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тұңғыш рет тұсауы кесілген акцияның мақсаты – Қарулы күштер қатарына алынған болашақ сарбаздар осы этносаябақта жыл сайын өз атауларымен көшеттер отырғызу арқылы қаланы көгалдандыруға үлестерін қосып, кейінгі өсіп келе жатқан балаларға өнеге қалдырады.

Облыс орталығынан бастау алған мұндай шаралар аймағымыздың өзге де аудан-қалаларында жалғасып таппақ.

Ата-аналардың пікірінше, жас желектер бозбалалар әскери борыштарын атқарып келгенше олардың тілеуін тілеп тұрады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив