KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Глубокое ауданында баланың өмірін құтқарып қалған азаматқа құрмет тақтасы орнатылды

2.04.2013, 18:00 126


Глубокое ауданындағы О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебінде суға кетіп бара жатқан баланы құтқарып қалған Құрмет Ахметовқа мемориалдық құрмет тақтасы орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Салтанатты митингіге Құрметтің ата-анасы - Әділхан Беделханұлы және Роза Қилымғазықызы, құтқарылған баланың анасы Нұрбая Мырзақұлова шақырылды, мектеп оқушылары жиналды.

Аудан басшылары мен басқарама басшылары қатысқан салтанатты жиында Құрмет Ахметовтың өшпес ерлігі жайында әңгімеленді.

«Құрмет тақтасын әкімдік жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатты. Басқа үшін өз өмірін қиған Құрметтің ерлігі жастарға үлгі болса дейміз. Осындай шаралар арқылы біз балалардың бойында батылдық пен ерлік сияқты қасиеттерді тәрбиелейміз» деді Глубокое кентінің әкімі Р.Мамырбаева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив