KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
442.84 480.97 5

Сәби мен анасын құтқарғандар марапатталды

7.05.2018, 12:30 151

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде Ертіс өзеніне құлаған бала мен анасын құтқарып қалған бүгінгі күннің батырлары марапатталды.



Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығындағы Ертіс жағалауында бір жарым жастағы сәби мен анасы абайсызда суға құлап кеткен еді. Суға батып бара жатқандарды құтқаруға алғашқы болып ұмтылған Ернар Қадылбеков пен оған көмекке келген Айдын Төртбай туралы жазған болатынбыз. Оқиға орнына кездейсоқ келіп қалған №2 өрт бөлімінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев та өзенге секірген. Осындай батыл азаматтардың бірлескен қимылының нәтижесінде сәби мен анасы құтқарылған-ды.


Ішкі істер министрлігінің наградаларын ШҚО ТЖД–нің бастығы, азаматтық қорғаныстың полковнигі Нұрлан Мадьяров тапсырды. Адам өмірін құтқаруда көрсеткен ерлігі мен азаматтық борышты адал атқарғаны үшін Ернар Қадылбеков, Айдын Төртбай және Виталий Бақтыбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив