KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, З
465.52 498.2 5.45

Риддерде оқушылар арасында шаңғы жарыстары өтті

3.03.2014, 18:00 189



Риддердегі спортта дарынды балаларға арналған олимпиада ізбасарларын даярлайтын республикалық мектеп-интернат-колледжінің базасында Шығыс Қазақстан облыс оқушылары арасында қысқы кіші универсиада бағдарламасы аясындағы шаңғы жарыстары өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа облыстың аудандары мен қалаларынан 11 команда, 143 оқушы қатысты. 1996-1997, 1998-1999, 2000-2001 жылдары туған балалар үш топқа бөлініп, сынға түсті.

Алты шақырымдық қашықтықтағы қыздар эстафетасында құрамында Айгерім Тұрсынова, Анастасия Огнева, Анастасия Литвина бар Риддер қаласының командасы ең үздік көрсеткішке жетті.

Үржар ауданының Вера Груздева, Анжела Тарасова, Ксения Жердеева сынды спортшылары екінші орынды иеленді. Шемонайха ауданынан Екатерина Фисун, Илона Ружникова, Ангелина Хайбулина үшінші орын алды.

Ұлдар арасында тоғыз шақырымдық қашық-тықта Риддерден Сергей Наконечный, Павел Паньшин, Егор Зуев тобы үздік нәтижеге жетті. Екінші орынды шемонайхалық оқушылар Ілияс Есімқанов, Иван Науменко, Захар Потапов иеленді. Үшінші орынды катонқарағайлық Аслан Тоқанов, Александр Малахов, Ринат Айгербаев еншіледі.

Талантты жастарды іріктеп, қатарға қосу, республиканың ұлттық құрамалар сапын жас спортшылармен толықтыру бағытында өткен универсиаданың маңызы зор болды. Қысқы спорт түрлері ауылдарда бұқаралық сипат алып, жас ұландар арасында өте қарқынды дами бастады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы бірінші орынды Риддер қаласының спортшылары жеңіп алды. Үржар ауданының оқушылары екінші орынды иеленді. Шемонайха ауданының командасы үшінші орынға табан тіреді. Жарыстарда жақсы қырынан көзге түскен спортшылар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив