KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Шығыс Қазақстанда тірек ауылдары гүлденіп келеді

31.03.2013, 18:00 237


Саржал Абай ауданындағы үш тірек ауылының бірі болып табылады. Биыл ауылға клуб, саябақ салынып, жаңа мектептің құрылысы қолға алынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екі мың тұрғыны бар елді мекеннің әлеуметтік жағдайы соңғы жылдары төмендеп кеткен еді. Биыл сол олқылықтардың орны толмақ. Нақтылап айтсақ, үстіміздегі жылы ауылға клуб, саябақ салу көзделіп отыр. Ең қуаныштысы, ауылда жаңа орта мектеп ғимаратының құрылысы қолға алынады деп жоспарланған.

Өткен жылы Саржалда хоккей корты пайдалануға берілген еді. Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен салынған сәулетті тойхана да халық игілігіне қызмет етіп тұр. Қайсыбір көшелер ретке келтіріле бастады. Осының бәрі жылан жылымен келген оңды өзгерістердің бір парасы ма дейміз. Алдағы уақыттарда тірек ауылындағы әлеуметтік ғимараттар да жөндеуден өтіп, жаңа құрылыс нысандары қолға алынар деген үміттеміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив