KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Зырян қаласында 67 жұмыссыз азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өтіп жатыр

16.03.2013, 18:00 237


ШҚО Зырян қаласында 67 жұмыссыз азамат жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мақсатында кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға жіберілді. Олар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Жұмыссыз азаматтар газэлектрдәнекерлеуші, бульдозер машинисі, жылыту желілеріне қызмет көрсету бойынша слесарь, есепші, аспаз, хатшы-референт сияқты мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өтеді. Курстар Зырян технологиялық колледжі мен құрылыс және көлік колледжі негізінде жүргізілуде. Оқу кезінде тыңдаушыларға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтану мен тұруға ішінара өтемақы төленеді» деді біздің тілшімізге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Семенюк.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив