KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскемендегі әскери-техникалық мектепте бір ай оқып, әскери билет алып шығуға болады

14.03.2013, 18:00 159


Денсаулығына немесе отбасылық жағдайына орай бұрын әскерге бармаған азаматтарға енді келісімшартпен әскери борышын өтеп, арнайы билетін алып қана қоймай, кез келген әскери мамандық иесі атануға мүмкіндік туып тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол үшін Өскемендегі әскери-техникалық мектепте бір ай оқып, 210 мың теңге мөлшерінде ақша төлеу керек. Бұл қаржы оқуға, тамаққа және киім-кешекке, басқа да қажеттіліктерге жұмсалмақ.

"Курс наурыз айынан бастап жұмыс істеуде. Мұнда түскендерге келісімшартпен әскери қызметін жалғастыруға болады немесе басқа күш құрылымдарында, ішкі істер органдарында, қысқасы, барлық мемлекеттік қызметтерде жұмыс істей алады" дейді әскери-техникалық мектептің оқытушысы Сергей Шестак.

Қабылданатындардың орташа жасы – 25. Олар бір ай бойы казармада тұрып, қарудан оқ атуды, басқа да оқу-жаттығулар жасауды үйренеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив