KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Интернет арқылы некеге отыруға бола ма?

30.10.2017, 04:52 263

– Естуімше, «Электронды үкімет» порталы арқылы некеге отыруға, баланы балабақшаға кезекке тұрғызуға, жоғалған құжаттарды қайта алуға, үйге кезекке тұруға болады екен. Нақты білейін дегенім, «Электронды үкімет» порталы арқылы некеге қалай отыру керек?


Мұрат Иксанов

Өскемен.


Бұл сауалға Өскемен қалалық әділет басқармасының маманы Салтанат Оралбаева жауап береді:


– Рас, портал осындай қызметті ұсынады. Ол үшін Сіз eGov.kz порталына кіресіз. Содан кейін авторланасыз және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтесіз. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН-ін көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау керек. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.


Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы беру мүмкін емес. Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу) жасы – 18 жас.


Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.


Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.


Анығырақ бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірінен ала аласыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив