KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Зырянда аймақтық туристік көрмеде бірінші орын алған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр

9.04.2013, 18:00 158


Зырян ауданының кәсіпкерлері өткен жылы «Туризм. Саяхат. Демалыс» аймақтық туристік көрмесінде «Туризм бойынша үздік шеберлік жоспары» аталымында бірінші орын алған болатын. Енді зыряндық кәсіпкерлер жеті туристік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл өңірде су, тау шаңғысы, жаяу жүру, салт атпен жүру, автомобиль және балалар туризмін дамытуға мол мүмкіндіктер бар. «СпецЦементМонтаж» ЖШС Бұқтырма су қоймасы жағалауында жалпы құны 525 миллион теңге болатын демалыс базасын салу жобасын әзірлеп жатыр. Жаңа Бұқтырма кентінде 70 орындық қонақүй, демалыс базасында екі және төрт орындық коттедждер, жабық бассейн, спорт алаңы, үш монша, жазғы дәмхана, екі би алаңы мен бильярд орынжайы салынады.

«Турфирма Валентина» ЖШС табиғаты аса көрікті жерде 100 орындық туристік кешен және Зырянмен екі аралықта жол салу жобасын ұсынған. «Пант» шаруа қожалығы Быково ауылында пантымен емдеу-сауықтыру кешенін салып, жаяу және салт атпен жүріп серуендеу қызметін ұйымдастырмақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив