KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 7,5 м/с, ОБ
443.16 480.39 4.94

Шығыс Қазақстан ірі бес кластердің құрамына ендік

17.10.2012, 18:00 346


«Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту бағдарламасының шеберлік-жоспарын жасау мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстағы туризм саласының, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан туристер қауымдастығының, «ІPK International» компаниясының өкілдері мен аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті-мен бекітілген келісімшартқа сәйкес «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ халықаралық «ІPK International» консалтингтік компаниясымен бірге біздің облыста туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының шеберлік-жоспарын жасап жатыр. Кеңесте осы істі қолға алып отырған индустрияны дамыту институты басқармасының төрағасы Азамат Ахмеров облысқа арналған шеберлік-жоспарды туристік өнімдер түрлерін жасау, сұранысты талдау, туристік кластерлерді, осы саладағы өзге де мәселелерді талдап-талқылауға бағыт-талған зерттеулерге сүйеніп әзірлеп жатқандарын жеткізді. Оның айтуынша, институт Шығыс Қазақстанда туризм кластерін құруда шетелдік «ІPK International» компаниясын бекерден-бекер таңдап алмаған. Әлемдегі туристік ағынды жан-жақты бақылап, зерттеп отырған, сондай-ақ туризмді дамытуға ірі қаржы
салып жатқан ірі инвесторлар-ға тікелей шығуға шынайы жағдайы бар бұл ірі компания-ға Шығыста ішкі және сыртқы туризмді өркендетуге бірден-бір мүмкіндік туғызады деген үміт артылып отырған көрінеді.

Институт мамандарының елдегі туризм нарығына жүргізген зерттеулері 2020 жылдары Қазақстанда, оның ішінде Шығыста туристер санын төрт-бес есеге дейін көбейтуге мүмкіндік барын көрсеткен. Қазақстанда туристерді қабылдап алу, оларға жайлы демалыс орындарын ұсыну бес ірі кластерлік бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Астана, Алматы қалалары мен олардың маңындағы Бурабай, Шымбұлақ, тағы басқа да демалыс орындары және Шығыс Қазақстан облысының өзен-көлді, таулы өңірлері, «Сарыағаш» курорты мен Жібек жолы бойындағы Шымкент, Түркістан қалаларын қамтитын Оңтүстік Қазақстан және теңізімен әйгілі Каспий жағалауы аймақтары осы қазақстандық бес туризм кластерінің құрамына еніп отыр.

Ермек Көшербаев мамандарға соңғы жылдары Ыстықкөлге әжептәуір бәсеке болып отырған Алакөл демалыс орнының басты назардан тыс қалмауын ескертті. Облыс Әкімінің бірінші орынбасары Абай ауданындағы мәдени-рухани, тарихи туризм әлеуетінің де пайдаланылмай жатқандығын атап айтты.

Шығыста туризмді дамытудың түрлі тетіктері жайында өз ұсыныстарын жеткізіп, ой алмасқан өңірдегі демалыс орындары мен облыстағы туризм саласының басшылары қысқы туризмді, қысқы спорттық ойындар түрін дамытуға аса қолайлы аймақ болып отырған Риддер қаласының маңындағы демалыс орындарын өркендетуге жағдай туғызу қажеттігін айтып, өздерінің нақты ұсыныстарын берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив