KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі

9.03.2013, 18:00 142


«Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша конкурсқа қатысқан Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА-ның академигі Нұрлан Темірбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Нұрлан Темірбеков – 86 ғылыми еңбектің, оның ішінде екі монографияның авторы. Ғалым математика саласында көптеген зерттеулер жүргізіп, жоғары нәтижеге жеткен. Навье-Стокс теңдеулерін сандық шешудің тиімді тәсілдерін талдаған. Өнеркәсіпті қаланың атмосферасының сапасына ластаудың антропогендік көздерінің ықпалын бағалаудың жаңа геоақпараттық жүйесін жасады. Сондай-ақ Н.Темірбеков білім беру статистикасы көрсеткіштерінің көп өлшемді моделін, оны талдаудың әдісін ойлап тапты. Е-университет білім базасының онтологиялық моделін және электрондық-білім беру ресурстарының ақпараттық технологиясын жасады.

Н.Ершова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив