KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Өскемен қаласында су тасқынынан зардап шегуі ықтимал 27 қауіпті аймақ бар

5.03.2013, 18:00 121


Өскемен қаласында су тасқынынан зардап шегуі ықтимал 27 қауіпті аймақ бар. Оларда дайындық шараларын толық ауқымда жүргізу үшін қосымша 120 миллион теңге қаржы қажет екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде шаһар әкімі С.Тәукебаев аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен өткен жиында мәлімдеді.

Қала басшысының деректеріне сүйенсек, қауіпті аймақтарға Ескі Согра кентіндегі Үлбі өзенінің оң жағалауы, Солнечный кентіндегі су жинайтын тоған, ескі жылыжайлар орналасқан аудандағы Безымянный арығы, Скалистое көшесінің жанынан өтетін Моховка өзені мен Загородный кентіндегі тау үсті арығы мен сол аудандағы бірқатар арналар мен көпірлер кіреді. Сонымен қоса Красин кенті мен Ахмер ауылын да назардан тыс қалдыруға болмайды.

Қала әкімінің айтуынша, қазір өзен мен арықтардың арналары тазартылып, жағалауларын бекіту жұмыстары қолға алынған. Қауіпті аймақтар күндіз-түні бақылауда. Алайда қаржының жетіспеуі дайындық шараларын толық ауқымда атқаруға мүмкіндік бермеуде. Сол себепті шаһар әкімі қосымша 120 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінсе, бұл мәселенің түйіні оңай тарқатылатынын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив