KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Семейлік жол полицейлері 8-наурыз күні қаланы раушан гүлдерінің шоқтары салынған экипажбен аралайтын болады

5.03.2013, 18:00 66


Семейлік жол полицейлері 8-наурыз күні қаланы раушан гүлдерінің шоқтары салынған экипажбен аралайтын болады. Олардың осы күнгі басты міндеттері – көлік жүргізетін қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлау, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Полиция подполковнигі Талғат Құлжанбековтың айтуынша, мереке күні жол полициясы қызметкерлері қыз-келіншектерге айыппұл салмайды, егер олар жеңіл-желпі ережелерді бұзған болса, қайта көлік иелеріне мейрамға орай гүл шоқтары сыйланады.

Жол полицейлері нәзік жандарға ақ жол тілеп, шығарып салады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив