KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Жол сақшылары әйелдерге гүл сыйлады

7.03.2014, 18:00 168



Өскемен қаласында, Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция қызметкерлері және жол қозғалысының жас инспекторлары бірлесіп жүргізуші куәлігін алғаш алатын нәзік жанды аруларды мерекелерімен құттықтаудың ерекше үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мектеп оқушылары әйелдер қауымына жүргізуші куәлігімен бірге өз қолдарынан шыққан құттықтау хаттарын ұсынса, жол сақшылары әдемі шоқ гүлдер мен жол апатының алдын алу жөніндегі парақшаларды табыс етті.

Ашық түсті желең киінген жас инспекторлар Өскеменнің көлік-тер мен жаяу жүргіншілер көп қатынайтын көшелерінде кезекшілік құрды. Олар көлік басқарушы аруларды ғана емес, сонымен қоса жаяу жүрген мереке иелеріне де гүл шоқтары мен құттықтау хаттарын таратып құрмет көрсетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив