KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскеменде XX қалалық оқушылар спартакиадасы аясында оқушылар конькимен жүгіруден жарысты

3.03.2013, 18:00 90


Облыс орталығында конькимен жүгіруден жарыс өтті. XX қалалық оқушылар спартакиадасы аясында ұйымдастырылған сайыста 160-тан астам спортшы екі топқа бөлініп бақ сынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай шараны өткізудегі мақсат – жастардың денсаулығын нығайту, спортқа деген ынта-ықыласын арттыру және көптің ішінен дарындыларды жарыққа шығару.

Жарыс қорытындысы бойынша кіші топ өкілдері арасынан Н.Қасенова, А.Пяткова, Е.Қайыргелдинова үздіктер қатарынан көрінсе, үлкен топта К.Фельзик, Л.Мородова, А.Куротчяенко жүлдегерлер атанды.

Жалпыкомандалық есепте қаладағы №17 орта мектеп бірінші, №40 орта мектеп екінші, №29 орта мектеп үшінші орындарды иеленді.

Ертеңгі күні халықаралық додаларда еліміздің атын танытатын саңлақтар осындай мектепаралық сайыстардан шығады дейді мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив