KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Күршім ауданында балабақша саны артып келеді

1.03.2013, 18:00 287


Күршім ауданында «Балапан» бағдарламасының арқасында балғындар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтамасыз етілді .

Бағдарлама шеңберіндегі жұмыстардың нәтижесінде ауылдардағы мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық мәселесі шешілді. Былтыр Ақбұлақ орта мектебінің шағын орталығы қысқа мерзімдіктен толық мерзімдік күн тәртібіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта бұл орталықта 20 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Сондай-ақ Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияда толық мерзімдік 50 орындық екі топ ашылды. Бұған қоса Ақши, Топтерек, №5 Күршім, Қарабұлақ, Шанағаты, Оңжаққалжыр мектептерінде қысқа мерзімді шағын орталықтар ашылды.

Күршім ауылында «Болашақ» балабақшасы пайдалануға беріліп, алты топқа 140 бала қабылданды. Мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен аудан бойынша барлығы 1623 бала қамтылды.

«Балапан» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы – жаңа жұмыс орындары ашылды. Үйде бала бағып отырған ата-ана да алаңдамай жұмысқа шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив