KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Семей қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болып, 4 адам зардап шекті

25.02.2013, 18:00 141


Семей қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, адам шығыны орын алған жол-көлік оқиғасы «Шығыс» ЖШС –нің аумағында болған. «ЗИЛ» автокөлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан көліктің артында тұрған жаяу жүргіншіні басып кетті.Жол-көлік апатының салдарынан 1962 жылы туған ер адам қаза тапты.
Екінші оқиға «Қаражыра» көмір разрезіне апаратын жолда орын алған.

«УАЗ» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «КамАЗ» жүк көлігімен қақтығысқан. «УАЗ» автокөлігінің зардап шеккен 4 жолаушысы Семейдегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Өткен аптада Семей мен қала маңындағы жолдарда 30 жол-көлік оқиғалары тіркелді.

Флора ЛЕВИНА

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив