KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Астанада шығысқазақстандық семсерлесушілер топ жарды

15.11.2012, 18:00 152


Астанада семсерлесуден өткен «Астана қылышы» екінші халықаралық турнирінде ерлер арасында рапирадан семейлік Рауан Найзагеровке тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Жекелей және топтық болып екі кезеңде өткен жарысқа Ресейден, Қырғызстаннан және елімізден барлығы 11 команда құрамында 300-ден астам спортшы қатысқан екен.

Әйелдер арасындағы сайыста екінші және үшінші орындарды семейлік спортшылар Ирина Павлинова мен Анастасия Гиматдинова еншіледі.
Семсерлесуден өткен бәсекеде өскемендік Кирилл Жакупов екінші орынды иеленді. Үшінші орын да өскемендік Сергей Акентьевке бұйырды. Командалық есепте біздің облыстың құрамында Кирилл Жакупов, Сергей Акентьев, Вадим Шарлаимов өнер көрсеткен бірінші командасы жеңімпаз атанса, екінші командасы үшінші орынды иеленді.

Семсерлесуден әйелдер арасында семейлік Мария Дубинина екінші орынды иеленді. Сондай-ақ Алина Хижникова мен Валерия Чуклинова үшінші орын алды. Командалық есепте біздің облыстың бірінші командасы үздік шықса, екінші командамыз үшінші орынға табан тіреді.

– Біздің спортшылар халықаралық турнирде бұрыннан қалыптасқан тамаша дәстүрді жалғастырып, алдыңғы қатарда келе жатқанын тағы да өздерінің шеберліктерімен дәлелдеді. Олар енді алдағы қаңтар айында Қазақстан кубогы үшін болатын жарысқа даярлануда, – дейді Шығыс Қазақстан облысының семсерлесуден аға жаттықтырушысы Сергей Ананьев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив