KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың есептік кездесуі өтті

17.02.2013, 18:00 152


Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семей қаласында шаһар тұрғындарымен, Семей маңындағы қалалар мен аудандардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімінің есептік кездесуіне Курчатов қаласының, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Үржар аудандарының әкімдері, әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты.

Кездесу алдында басқарма басшылары 70-тен астам тұрғындарды қабылдады. Аймақ басшысына 82 сұрақ қойылып, олардың көбіне әкім түсініктеме берді. Қосымша қарауды, қаржыландыруды талап ететін сауалдар бақылуға алынды. Сұрақ қоюшылардың барлығына жауап қайтарылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив