KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Аудандарда нарколог мамандардың тапшылығы кесірінен облыста есірткіге қатысты қылмыстардың саны артып отыр

20.03.2013, 18:00 137


Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткімен байланысты 52 қылмыс анықталды, олардың 23 фактісі есірткіні саудалауға қатысты. Өткен жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда, есірткімен байланысты қылмыстардың саны 5,6 пайызға артып, тәркіленген заңсыз тауардың мөлшері 20 килограмға дейін көбейген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл деректерді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте мәлімдеді. Сонымен қатар облыстық наркологиялық диспансердің соңғы мәліметтері бойынша3 мыңнан астам адам осы мекеменің тіркеуінде тұрған болса, олардың 89-ы кәмелеттік жасқа толмағандар екен.

Облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Қ.Смағұлов бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін үш нәрсені мықтап қолға алу қажеттігін алға тартты.

Біріншіден, жасы 14-тен асқан мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттерін міндетті тексеруден өткізуге қатысты рұқсат берілуі қажет. Әзірге, мұндай рұқсат жоқ.

Екіншіден, диспансерде қаралудан және емделуден жалтарған адамдармен жұмыс жүргізуде құқық қорғау органдарының көмегі жетіспей жататын көрінеді.

Үшіншіден, аудандарда нарколог мамандардың тапшылығы сезілуде. Сондықтан жас мамандардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуіне, баспаналы болуына жағдай жасалуы тиіс.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив