KZ
Өскемен
+9°
туман жел 1 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Семей қаласындағы 50 діни бірлестіктің 35-і қайта тіркеуден өткен

7.02.2013, 18:00 161


Семейде қалалық Достық үйінде қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Пікір-сайыс клубтарының бірлестігі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «Жастар және діни толеранттылық» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің берген ақпараттары бойынша жиынға Жоламан ақ мешітінің бас имамы Ерлан Омаров, ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі және жастар ісі жөніндегі бас мамандары, оқушы және студент жастар қатысты.

Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елубек Оспанов атап өткендей, 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2011 жылы 26 қазанда қайта тіркеуге дейін 4551 діни бірлестік болса, 3088 діни бірлестік қалды. Діни бірлестіктер саны 32 % азайды. Бұрын 46 діни конфессия болса, қайта тіркеуден кейін 17 қалды. Қалада қайта тіркеуден 50 діни бірлестіктің 35 өтті.

Жоламан ақ мешітінің бас имамы Ерлан Омаров ислам – бейбітшілік діні екенін атап өтті. Имамның хабарлауынша, ғаламторда діни басқарманың, мешіттердің сайттары ашылып, халықты ақпараттандыру, діни сауатын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет тарапынан дінге көптеп көңіл бөлінеді. Мәселен, Құрбан айт және тағы басқа діни мейрамдар мемлекет назарынан тыс қалмауда. Сондай-ақ Ерлан Досымұлы жастардың діни жат ағымдарға енуінің басты себебі – діни сауатсыздық екенін атап өтті.

Кездесу барысында жастар дін жайында сұрақтарын қойып, оған мардымды жауаптар алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив