Өскемен қаласының әкімі С.Тәукебаевтың жетекшілігімен облыс орталығында төтенше жағдайлар басқармасы көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шара барысында Согра ауданындағы жеке тұрғын үйлерді аралап, жыл сайын су басып кететін аумақтардың қауіпсіздігін пысықтады.
Жергілікті тұрғындарға арнайы әзірленген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Сонымен қатар мердігер мекемелердің техникалары мен жұмысшыларының алдағы қауырт шаруаға әзірлігі тексерілуде.
Бүгінде топан су жайылады-ау деген қауіпті аймақтар күнделікті кезекшілердің қадағалауына алынған.