KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Жол полициясы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

7.02.2013, 18:00 96


Қазақстан жол полициясының барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Республика жолдарындағы апаттың деңгейі соңғы аптада тіпті өсіп кетті. 2013 жылдың алғашқы айында ғана жол-көлік оқиғаларынан 142 адам қаза болып, 1314 адам іртүрлі жарақат алған. Осыған орай жол полициясы қырағылықты күшейтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Жол полициясыКомитетінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері әсіресе жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізулері, қауіпсіздік белдігін тағуы және көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлесулері сияқты заң бұзушылықтардың жолын кеседі. Жол полицейлерінің назарынан жаяу жүргіншілердің тәртібі де тыс қалмайды.

Жол полициясы комитетінде жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тапқау не болмаса ұялы телефонмен сөйлесу қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейтіндерін алға тартады.

Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұловтың айтысына қарағанда, жүргізілетін шаралар науқандық емес. Алдағы уақытта жол полициясы аталған заң бұзушылықтарды үнемі назарда ұстайтын болады.

Жуықта ҚР Ішкі істер министрлігі жол-көлік оқиғасы үшін жазалауды қатайту жөнінде Заң жобасын парламентке қарауға жіберген болатын.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив