KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Cемейде дзюдодан республикалық чемпионатқа іріктеу жарыстары өтіп жатыр

5.02.2013, 18:00 180


Семейдегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 1996-98 жылдары туылған жасөспірімдер арасында (ұлдар-қыздар) дзюдодан облыс чемпионаты өтуде. Жарысқа аймақтың барлық өңірінен 250 спортшы жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл іріктеу кезеңі болғандықтан алдағы уақытта Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысатын спортшылар анықталмақ. Ал республикалық чемпионат әлем біріншілігіне қатысатын саңлақтарды іріктейді.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) тәртібіне сәйкес өтіп жатқан аталмыш сайысқа 46-90 келі салмақ арасындағы палуандар қатысуда.

Жасөспірімдер арасындағы облыстың бас жаттықтырушысы Аман Шариповтың айтуынша, негізінен 73 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушылардың қатары өте көп. Барлық спортшылар тыңғылықты даярланған. Бәйгеде оза шапқандарды алдағы уақытта жаңа сын күтіп тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив