KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Семейде жасөспірімдер татамиде бақ сынасты

23.01.2013, 18:00 303


Семей қаласында дзюдо күресінен 1996-1998 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында ШҚО біріншілігі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне сүйеніп.

Жарыс жолында 250 – ге жас спортшылар сынасып, өзара мықтыларды анықтады. Аймақтың барлық аудандары мен қалаларынан жиналған дзюдошылар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Сәрсенбаев бас төрешілік етті.

- Бастысы бұл жарыстан біз облыстың мықтыларын анықтаймыз. Оза шауып, бәйге алғандары ақпан айының 7-10 күндері дзюдо күресінен өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады. Ел чемпионаты да Семей қаласында өтеді деп жоспарлануда. Ал, жарысқа келер болсақ, өте жоғары деңгейде өтуде. Өткен жылдары ел көлемінде есімі белгілі болған жас татами шеберлері де өз бақтарын сынауда. Себебі, олар салмақ қосып, жаңа салмақта өнер көрсетіп жатыр. Күрестің бұл түріне деген жасөспірімдердің қызығушылығы басым. Оның айғағы - әр салмақ дәрежесіне 30-дан астам жас жеткіншек келіп тіркелуде. Жарыс толыққанды халықаралық ережеге сәйкес өтуде, - деп атап өтті ШҚО жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы Аман Шәріпов.

Аман Шәріпов - Лондон олимпиадасына қатысқан Еркебұлан Қосаевтың жеке жаттықтырушысы.

Бапкердің сөзіне сүйенсек, дзюдо олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, жастар арасында қызығушылық танытушылар көп. Қуантарлығы күрестің бұл түрі ауылдық жерлерде жақсы дамып келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив