KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Курчатовта "Домбыра сазы" күмбірледі

3.02.2013, 18:00 126


Курчатов қаласында Шәкәрім Құдайбердиевтың 155 жылдығы және Оралхан Бөкейдің 70-жылдығына арналған «Домбыра сазы» атты қалалық байқау өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, олар осы шара арқылы жас ұрпаққа қазақтың киелі қара домбырасын насихаттап, жастардың бойына күмбірлеген қоңыр күй арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіруді көздепті.

Қалалық сайыс екі бөлімнен және екі номинация бойынша өтті. Бірінші бөлімінде әншілер мен күйшілер дайындап келген шығармаларын орындады. Қазылар алқасының шешімімен екінші бөлімге тек үздік сайыскерлер қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 1- орынды Мұрат Мұсаұлы, 2-орынды Дархан Сарқытбаев жеңіп алды. Ал, күйшілер сайысы бойынша 7 жастан 15 жасқа дейінгі жас өспірімдер арасында 1-орынды Айым Шальдюпова еншілесе, 2-орын Асылзат Базарханқызына бұйырды, 3-орынды Нұрсымбат Еркінбекқызы алды. Ал, 15 жастан жоғары жастар арасында Жеңісхан Гүлден, Маркс Нұрбол, Инабат Маратова ерекшеленіп, алдыңғы үш жүлделі орындарды жеңіп алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив