KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 5 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Ауыл кеші көңілді

31.01.2013, 18:00 246


Ұлан ауылдық клубында Айыртау ауылдық клубының меңгерушісі Әскербек Қайырқановтың басшылығымен көркемөнерпаздардың «Ел іші – өнер кемесі» атты концерті өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заманауи қазақ композиторларының әндері мен дәстүрлі әндер шырқалған концертте әйелдердің «Айыртау» вокалды тобының мүшесі Майра Жұмақанова, әншілер Зиятқан Құмар мен Жұмабек Бақытбек және Мырзабек Төкен орындаған әндер көрермендерге ерекше әсер берді.

Сондай-ақ, кеште Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушылары О.Омарханов, А.Әскеров, А.Мұратұлы күнделікті тұрмысқа байланысты әзіл көріністер қойды.

Өнерпаздарға еңбек ардагері Г.Ахметова мен әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Аришева алғыс айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив