KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Зыряночка» би ансамблі Мәскеуден бас бәйгемен оралды

31.01.2013, 18:00 244


Зырян қаласының «Зыряночка» би ансамблі Мәскеуде өткен «Рождественские звезды» халықаралық байқауына қатысып, бас бәйгені жеңіп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл өнер ұжымы қаланың мақтанышына айналғалы қашан. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зоя Дүзбаева мен Наталья Алтым-баеваның жетекшілігімен өнер көрсететін бишілер бұған дейін талай халықаралық байқауларда топ жарып, арысы еліміздің, берісі облыстың намысын абыроймен қорғап жүр.

– Байқау шарты бойынша бір биді ғана орындау керек болды. Мен сол кезде қорыққаным рас, өйткені бұл шектеу балалардың өздерін жан-жақты көрсетулеріне кедергі келтіруі мүмкін ғой. Бірақ бәрі ойдағыдай болды, – дейді Зоя Дүзбаева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив