KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Арбаға таңылса да Алаштың абыройын асырып жүр

14.09.2018, 08:51 230


Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен арбада отырып билеуден Құрлық Кубогінде шығысқазақстандық бишілер жүлдеге ие болды.


Осымен он жыл қатарынан өткізіліп келген халықаралық додаға әлемнің тоғыз елінен 200-ден астам спортшы жиналған екен. Аймақ атынан аттанған алты бишіміз ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Иа, себебі, бұл сынға байрағымызды көтеріп, тек біздің облыстан ғана спортшылар барған еді. Барлығы да облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынының «ШҚО мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клубы»-ның тәрбиеленушілері екенін айта кеткен орынды. Алайда олар білікті бапкер Наталья Анистратованың қол астында Үржар ауданында жаттығады.


Әлібек Төлегенов, Бағлан Манабаев және Алексей Журавлев арбада отырып билеу бойынша сынға түсті. Оларға сол Үржар ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бұрымдылары жұп болды.


Жасөспірімдер арасында жарыс жолына шыққан Алексей Журавлев Single man Junior тәртібінде топ жарып, кубокке ие болды. Онымен қоса, «Паралимпиадалық үміт» Кубогіне иелік етті. Оның ізін ала, Бағлан Манабаев дәл осы тәртіпте қола жүлдеге қол созды. Сонымен қатар, «Шабыт» ансамблі де «Ансамбаль» номинациясында үздік үштікті қорытындылады.


Жаттықтырушылардың айтуынша, бишілер бұл жолы аталмыш бәсекеге тыңғылықты дайындықпен барды. Бір ауданда жаттығулар өтіп, басшылық тарапы да тиісті жағдай жасаған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив