KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Алматыдан жүлдемен оралды

13.01.2018, 03:52 278

Семейлік Ақнұр Маратова балалардың сұлулық пен дарын фестивалінде үздік атанды. Алматыда өткен «Ару Айналайын» сұлулық байқауына ол «Super Grand Prix» атағын иеленіп қайтты.


Байқауға 4-тен 15 жасқа дейінгі балалар қатысып, олар дарындылық, би, аспаптық жанр, түпнұсқа жанр, актерлік шеберлік сынды аталымдар бойынша сынға түскен. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға  еліміздің еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Фархат Әбдірайымов, Яна Бобрыка және Диана Снегина қазылық еткен.


– Еліміздің түкпір-түкпірінен 34 бала қатысты. Байқауда тәжірибе алмасып, бір-бірімізден көп дүние үйреніп қайттық,-дейді Ақнұр Маратова.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив