KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жөндеуден шыққан трамвайлар электр энергиясын 50 пайызға дейін үнемдейді

27.01.2013, 18:00 166


Өскемендегі трамвай паркінің ескірген вагондарын қайта жаңғырту жоспары дайын. Енді тек инвесторлармен келісімге келіп, жобаны қаржыландыру ғана қалып тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал өскемендік мамандардың трамвайларды жаңғырту жобалары Ресейде жиі пайдаланылады екен. Мәселен, ол елдегі Омбы трамвай паркі Өскемендегі трамвай паркінің тұрақты серіктесі. «2013–2014 жылдар аралығында біз тағы да жылжымалы құрамды жаңғырту жоспарын іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл жолы жоспарымыз іске асады деп сенеміз» дейді «Тахами путь» ЖШС-нің бас директоры А.Успенский.

Ресейлік тәжірибе көрсеткендей, Өскеменде жасалған ескі вагондарды жөндеуден өткізу жобасы жақсы нәтижесін беруде. Кәсіпорын басшысының берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, қазір жаңа бір вагонның құны 500 мың доллар тұрады. Жаңа вагондар Ресейде, Белоруссияда құрастырылады. Ал ескіні бастан аяқ қайтадан жөндеп, қатарға қосуға 116 мың доллар ғана жұмсалмақ. Арадағы айырмашылықты есептей беріңіз. Айта кетер бір жайт, жаңарып шыққан трамвайлар толықтай жаңа заманауи электроникамен жабдықталатындықтан, электр энергиясын ескілеріне қарағанда 50 пайызға дейін үнемдейді екен.

Үнемделген ақшаны былай қойғанда, екінші тынысы ашылған бұл көліктеріңіз жұмыс барысында жаңа трамвайлардан асып түспесе, артта қалмайтын көрінеді. Кәсіпорынның базасында жұмысқа жарамды 40 трамвай болса, солардың 32-і жолаушыларды тасымалдап жүр. Қалған сегізі жөндеуде тұр. Кәсіпорын аяғына нық тұрса, вагондар саны да арта түсері сөзсіз. Трамвайлардың еншісіне қаладағы жолаушылар тасымалының 18 пайызы тиеді екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив