KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Дәстүрлі орыс әндерінің онкүндігі басталды

31.01.2013, 18:00 153


Өскемен қаласында «Дәстүрлі музыканың он күндігі» акциясының шеңберінде 28-қаңтардан бастап орыс дәстүрлі әндерінің онкүндігі басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйеніп.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын орыс ұлтының өнері және мәдениетімен жақынырақ таныстыру, халықтар достығын насихаттау, мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Акция аясында арнайы құрылған топқа Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшелері енді.

Топтың мүшелері Өскемен қаласының аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, жедел тамақтану орындары, кофеханалар мен қоғамдық орындарының басшаларымен келісіп, заманауи және дәстүрлі әндер жазылған баспа табақшаны салтанатты түрде табыс етті.

Арнайы топ күнделікті акцияның орындалуын бақылап, оның қорытындысы бойынша белсенді атсалысқан мекемелерді марапаттайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ халқының дәстүрлі және заманауи әндерінің он күндігі өткен.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив