KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семей қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың термомодернизациясы туралы ақпарат облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында тыңдалды

25.12.2012, 18:00 205


Семейде Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Онда қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковтың Семей қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың термомодернизациясы туралы ақпараты тыңдалып, басқа да өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.


Жиынға Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімов, Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Лопаткин, ШҚО талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышев, ішкі саясат басқармасының бас маманы Инара Ботажанова және Семей қаласы әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес мүшелері қатысты.

Жиын басында Владимир Лопаткин атап өткендей, Президент Жолдауында азаматтық жауапкершілік туралы анық айтылған. Қазір бағдарлама әкімшілері және басқа жауапты органдармен тікелей қатынасуға мүмкіндік бар. Тек бұл үрдісті дұрыс ұйымдастыру қажет.

Олег Чернышев Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы қоғамдық Кеңестің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл нақты аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін құрылған билік пен қоғам арасындағы диалог. Оның құзырында баспасөз клубы мен ақпараттық орталық бар. Облыс және республика бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық кампаниялар жүргізіледі. Семей қаласында ақпараттық орталық филиалын ашу идеясы бар.

Семей қаласы әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес төрағасы Жанна Жибраеваның айтуы бойынша, ұйымның қалыптасуы қарқынды жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив