KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Бородулиха ауылында энергия үнемдейтін жаңа қазандық бар

23.12.2012, 18:00 140


Бородулиха ауылындағы «Рассвет» пәтер иелері кооперативінің қазандық ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі талапқа сай энергия үнемдейтін жаңа қазандық орнатылды. Бұл мақсатқа 14 миллион теңге бөлінген болатын. Бұған қоса 480 қума метр жылу жүйелері толық ауыстырылды. Аудандық мәдениет үйінің қазандығы жаңартылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл коммуналдық шаруашылықтың энергиялық тиімділігін арттыру мақсатында Белағаш–Дмитриевка су желісі ағымды жөндеуден өткізіліп, Новопокровка ауылындағы сумен қамту желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы 15 ауылдың көшелеріне 21250 мың теңгенің аспалы шамдары орнатылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив