KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Былқылдақ ауылы енді Әди Шәріповтың есімімен аталады

18.12.2012, 18:00 137


Жарма ауданындағы Былқылдақ ауылына Әди Шәріповтың есімі берілді. Соған орай жол жиегіне «Әди Шәріпов ауылы» деген жазу мен Әдекеңнің әдемі суреті ілінетін болды.

Жарма ауданының төл тумасы, белгілі жазушы Әди Шәріповтің туғанына ғасыр толды. Әдидің мерейтойын ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматыдан басталып, Жарма ауданында жалғасқан болатын.

Аудан әкімі Темірбек Қасымжанов бастаған мерейтойшылар ең әуелі Әдекең өскен Қаратөбе ауылдық округіне ат басын бұрды. Бұл ауылдың мектебінен 1949 жылдан бері 1670 оқушы түлеп ұшқан екен. Олардың қатарында екі профессор, төрт ғылым кандидаты, 250 мұғалім, 45 заңгер, бір ұшқыш, 98 дәрігер және тағы басқа мамандық иелері бар. Солардың бірі һәм бірегейі – бүгінгі кейіпкеріміз Әди Шәріпұлы. Қаратөбеден кейін қонақтар ғалымның кіндік қаны тамған Былқылдақ ауылына аттанды.

Ауылдағы салтанатты рәсімнен соң Әди ағаның аруағына бағышталып, қатым түсірілді. Ал торқалы тойдың кереметі сол күні түс ауа Қалбатаудағы аудандық мәдениет үйінде жалғасты.



Мәуітқазы Зүкенов


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив