KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 4 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Шығысқазақстандықтар қаржылық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды

12.12.2012, 18:00 126


Қараша айында әлемге әйгілі Citi қорының қаржылай қолдауымен Өскемен және Ақтау қалаларында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өз қаржыларын басқаруға және экономикалық дағдарысқа төзімді болуға үйреткен оқу тренингтері өткен болатын.

Осы сабақтарда табысты көбейту, жинақтау, инвестициялау, бизнес көздерін жасау туралы білім алған 60 адам енді Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында алған білімдерін таратуға мүмкіндік алып отыр. Олардың әр қайсысы өз командасын жасақтап, үйренген тәлімдерін шәкірттеріне жеткізуге тиіс.

Астаналық "Шағын несие ұйымдарын қолдау" және Ақтау қаласындағы "Жастар жетістіктері" қоғамдық қорларының бастамасымен ұйымдастырылған жобаның аясында екі аймақтан 600-дей тұрғын қаржылық сауаттылықтарын арттырады деген болжам бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив