KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Аяздың салдарынан кезектен тыс каникул жалғасуда

12.12.2012, 18:00 111


Өскемен қаласында термометр таңғы сағат 6.00-да -40 градус аязды көрсетті. Осыған орай мектеп оқушылары және колледждердің 1 және 2 курс студенттері сабақтан босатылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.


Риддер қаласында -37 градус аязда 1 және 2 аусымда оқитын 1 мен 9 сынып оқушылары, Зырян қаласында (-36 градус) екі аусымның да 1-11 сынып оқушылары, Семейде (-37 градус) 1 мен 11 сынып оқушылары, кәсіптік мектептердің, лицей мен колледжердің 1-2 курс оқушылары сабақтан босатылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив