«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Ұлан ауданына жұмысқа орналасқан жас хирург маман Ахат Датбаев пен Таврия ауылындағы аудандық аурухананың статист дәрігері Аяулы Мұратқызына аудан әкімі Серік Түленбергенов жарты миллион теңгеден көтерме ақы берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жас мамандар мұндай тамаша сыйлыққа ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ие болды.
Бұған қоса жас дәрігерлер баспанамен де уақытында қамтамасыз етілген. Ахат Датбаевтың ауылда пайыссыз несие бойынша алған үш бөлмелі пәтері, Аяулымның қызметтік екі бөлмелі пәтері бар.