KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Екі балықшы адам жеген деген күдікпен іздестірілуде

3.12.2012, 18:00 104


Якутияда адам жеген күдікпен екі балықшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды SakhaPress.ru. Қараша айының ортасында Нерюнгри қаласының тұрғын әйелі жергілікті полицияға қыркүйек айында үш жолдасымен Сутам өзеніне балыққа барған 37 жасар ағасының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Алғашында жігіттер балыққа кеткен деген хабар тараған, бірақ кейінірек олар алтын іздеп кетті деген сыбыс шықты.

28 қараша күні ТЖМ қызметкерлері әбден ашыққан, аяқ-қолдарын үсітіп алған екі ер адамды тауып, ауыр халде ауруханаға жеткізді. Олар қалған екі жолдастарының қайда екенін дұрыстап түсіндіре алмаған. Сөйтіп, төтенше қызмет жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыра берген.

Іздеу барысында жоғалғандардың бірінің дене қалдығы табылған. Оның бас сүйегі балтамен шабылған, ішінде миы тып-типыл жоқ. Полиция оны әріптестері жеп қойған болуы керек деп күдіктеніп отыр. Өйткені, мүрденің жанынан ешқандай аңның ізі болмаған. Әзірге, ол адамның өздігінен өлгені, әйтпесе қасындағы әріптестері өлтіргені анықталған жоқ. Мүрде сараптамаға жіберілді.

Тергеу жүріп жатқанда екі балықшы ауруханадан қашып кеткен. Қазір олар іздестірілу үстінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив