KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемен қаласында «Тапқыр Қожанасыр» ертегісінің «тұсаукесері» болып өтті

11.11.2012, 18:00 118


Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы драма театрында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Тапқыр Қожанасыр» атты ертегісінің желісімен түсірілген қойылымның «тұсаукесері» болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Қазақ халқының көнеден келе жатқан ертегілерінің бірі, режиссері Маратбек Сырым, қойылым жас жеткіншектерді адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелейді. Балаларды ертегілер еліне саяхатқа жетелейді.

Бұл қойылым балалардың демалысына дәл келіп, залда ине шаншар орын болмады. Бұдан түйгеніміз, балалардың қазақи дәстүрде қойылған қойылымдарға шөліркегенін білдіреді. Ол да мүмкін, себебі: құрылғанына 12 жыл ғана болған театр ұжымының қоржынында балаларға арналған қойылым аз. Бұл қойылымның қоюшы суретшісі Данияр Алдабергенов. Қойылым басталарда сахнадағы декорация ерекшелігімен көрген адамның - баланы қойып, үлкеннің көз қуанышы болып тұрды. Театрға суретші болып орналасқанына азғантай ғана уақыт болған Даниярдың өз ісіне шебер екендігі көрініп-ақ тұрды. Бұл оның осы театрдағы алғашқы жұмысы.

Қазіргі күнде жаңа жылға қарсы жас режиссер Айдын Салбанов өзінің «Ойыншықтар» атты қойылымымен дайындық үстінде. Айдын кішкентай көрермендерге «Күнделік» атты қойылымымен жақсы таныс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив