KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері ШҚО-да талқыланды

14.10.2012, 18:00 252


Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен облыста орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытудың жағдайы мен мәселелерін талқылаған кеңес өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты орман және аңшылық шаруашы-лығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев, орман ғылыми-инновациялық институттың директоры, академик Сәбит Байзақов, «Казгипролесхоз» компаниясы дирек-торының орынбасары Жайлау Тоқтасынов және облыстағы тиісті саланың мамандары мен бірқатар аудан әкімдері қатысты.

Шығыс Қазақстандағы орман шаруашы-лығының проблемалары мен келешегі жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Қадырбек Сапарғалиев баяндады.

Оның айтуынша, биыл өрттен зардап шеккен орман көлемі былтырғы кезбен салыстырғанда 17 оқиғаға азайған. Басқарма тарапынан жүргізілген бес мыңнан астам рейдтердің нәтижесінде 600-ден астам заңбұзушылықтар анықталған. Заңнамадағы тыйымдардың кесірінен орта және шағын бизнес өкілдері орман байлығын қысқа мерзімге пайдалана алмай отырған көрінеді. Ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпорындар санаулы бағыттар бо-йынша ғана кәсіптенген. Осының кесірінен орман қалдықтары текке шіріп, есесіне шетелден келетін ағаш өнімдеріне сұраныс артқан.

Өңірде мемлекеттік орман қорына кір-мей қалған ағашты алқаптар да баршылық. Мұндай алқаптарды мемлекеттік қорға өткізу жөніндегі жұмыстар аяқсыз қалуда. Оған бұл орманды жерлерді жергілікті әкімдік қосалқы жерінің құрамынан мем-лекеттік орман қорына өткізудің тетіктері болмауы кедергі келтіруде. Ағаштардың жас құрылымдарын да қайта қарау жөнінде ұсы-ныс айтқан басқарма бастығы ормандағы әрбір тұқымның биологиялық ерекшеліктері мен пісіп-жетілу мерзіміне назар аударудың құнды да пайдалы алқаптардың қорын сақтауда орны ерекше екенін жеткізді.

Құрылатын жұмыс тобы шын мағынасында атына лайық болуы қажет. Барлығы қағаз жүзінде қалып жүрмесін. Сол жұмыс тобы ұсынған жобаларды іске асыру үшін қажет болса, Үкіметке де шығуға дайынбыз. Соның барлығы қазіргі күнгідей шетелдің экономикасына жұмыс істеуден құтылу үшін жасалмақ. Ал маман даярлау мәселесі бойынша тиісті министрліктерге шығып, облыс аумағындағы жоғары оқу орындарымен бірнеше сала бойынша орман шаруашылығының мамандарын даярлау жөнінде келісімге келуге болады, – деп қорытындылады кеңесті аймақ басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив