KZ
Өскемен
+24°
гроза жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Қос балуан Абай еліне ат басын байлады

7.10.2012, 18:00 188


«Қазақстан барысы» додасының қос жеңімпазы Шалқар Жоламанов пен Айбек Нұғымаров Абай ауданына ат басын тіреді. Береке-бірлігі жарасқан ауыл жұрты апайтөс балуандарын зор қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жастар үйі төрінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Марапаттау сәтінде Шалқар мен Айбекке алғыс хат табыстап, иық-тарына зерлі шапан жапты. Айбектің астына ат мінгізді. Қос саңлақтың бапкері С.Қоржыкеновке, облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті А.Қажымұлына да алғыс хат тапсырылып, құрмет көрсетілді.

Ақын Т.Жанғалиев өз сәлемін жырмен өрнектесе, әйгілі «Қалам-қас» ансамблінің өнерпаздары әнмен шашу шашты.

Бұдан кейін жерлестері балуандар-ға өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, жауаптар алды.

– «Қазақстан барысы» сайысының қола белбеуі менің Алла бұйыртқан несібем болды. Қол жеткізген жетістіктеріме шүкіршілік етемін. Бұл мерейлі белесім мені алдағы жеңісті күндерге жетелеп, намысымды қамшылай түседі, – деді Айбек Нұғымаров.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив