KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Шығыста ұнның бағасы тұрақты болады

16.09.2012, 18:00 130


Бірінші сұрыпты ұн мен нанның бағасын тұрақты ұстап тұру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «КазАгро» холдинг» АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Қазақстанның астық өңдеушілері одағы» ЗТБ арасында 2012 жылдың 25 шілдесінде 1-сұрыпты бөлке нан мен 1-сұрыпты ұн бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығында мал басын төмендетпеу шаралары туралы меморандум қабылданған болатын.

Аталған меморандумда нан мен ұнның шекті бағасы анықталып, бел-гіленген. Меморандум шарты бо-йынша квотамен белгіленген бағаға сәйкес ай сайын әр тоннасы 28 000 теңгеден астық бөлініп отыр. Тамыз айына Шығыс Қазақстан облысына 9000 тонна көлемінде астық бөлінді. Қыркүйек айына беріліп отырған тапсырыс мөлшері де осындай көлемде.

Облыста 1-сұрыпты ұн, бөлке нан және мал азығындық құрама жем өнімдерін шығаратын өңдеуші, өндіруші кәсіпорындардың тізімін анықтайтын үйлестіру кеңесі құрылды.

«Продкорпорация» ҰК» АҚ ресурстарынан алынатын ұнды өңдеумен Семей мен Өскемен қалаларындағы және Бородулиха ауданындағы 10 ұн өңдеу кәсіпорны айналысады, олар: «Өскемен ұн комбинаты» ЖШС, «Семей-Нар» ЖШС, «Защита элеваторы» ЖШС, «Ай-Ар» ЖШС, «Таг-Тин» ЖШС, «Аском» ЖШС, «Восточные хлебопродукты» ЖШС, «Белағаш ұн өңдеу комбинаты» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты», «Фарман» ЖШС кәсіпорындары айналысуда. Олармен 2013 жылдың тамыз айына дейінгі уақытқа меморандум жасалып, міндеттемелер қабылданған.

Ұн өндіруші кәсіпорындар 1-сұрыпты ұнды нан өндіруші кәсіп-орындарға арнайы белгіленген бағамен – әр келісін 48 теңгеден, құрама жемнің келісін 15 теңгеден сатады.

Қазір қалалық, аудандық әкім-діктер наубайханашылармен, сауда ұйымдарымен 1-сұрыпты ұн мен нанның, құрама жемнің шектеулі ба-ғасын ұстап тұру жөнінде меморандумдар мен міндеттемелер қабылдау жұмыстарын жүргізуді аяқтап қалды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив