KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Үржар ауданында бағаны тұрақтандыру шаралары жүзеге асырылып жатыр

12.11.2012, 18:00 181


Үржар ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі берген мәліметі бойынша инфляциялық үдерістерді ауыздықтау және негізгі азық-түлік тауарларының құрамына кіретін бірінші сұрыпты ұн және бірінші сұрыпта нан бағасын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін «Азық-түлік корпорациясы» тұрақтандыру қорынан ауданға 1 тоннасы 48000 теңге болатын бірінші сұрыпты ұннан қыркүйек айына 500 тонна бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Сондай-ақ, қазан айына 821 тоннасы жеткізілсе, осы уақытқа дейін 600 тоннасы жеткізілді. Және, оның 120 тоннасы нан пісру орындарына, 480 тоннасы сауда-сатық дүкендеріне бөлінген. Егер атап айтатын болсақ, осы кезге дейін ауданымызға 1044 тонна ұн жеткізіліп, оның 289 тоннасы наубайханаларға, 755 тоннасы сауда мекемелеріне таратылды.

Бүгінгі таңда, 28 наубайхана өңір тұрғындарын нан және нан өнімдерімен қамтамасыз етір келеді. Нақтырақ айтсақ, ауқымды нан жабатын мекеме иелері А. Ықыласов, Е. Матаков, Т. Қалмақбаев, М. Ақпеков, тағы біраз наубайханалар сұрыпты ұнмен толық қамтылды десек артық айтқандық емес. Салмағы 550-600 грамм болатын бірінші сұрыпты нанның наубайханадан босатылу бағасы 45-48 теңгеден және саудан дүкендерінде нан бағасы 50 теңгеден сатылуда.

Осы орайда тағы бір айтатынымыз, қыркүйек айында бөлінген ұннан Үржар, Қарабұта, Көктал, Алтыншоқы, Келдімұрат, Жаңатілек, Ақшоқы, Қабанбай, Қарабұлақ ердімекендерінің наубайханалары толықтай қамтамассыз етілген.

Аталған ұнды бөлшек саудаға тасымалдайтын «Абдурим» шаруа қожалығының басшысы Е. Тлемисов қыркүйек айына 150 тонна, қазан айына 100 тонна, «Шұғыла» шарау қожалығының басшысы С. Рамазанов қыркүйек айына 100 тонна ұнды Үржар ауылының орталығы «Барыс» сауда нүктесінде, Мақаншы ауылында «Арай», «Нэйлә» сауда дүкендерінде, жеке кәсіпкерлер М. Ақпековтың «Төрлет» сауда дүкенінде, Н. Төлежановтың «Ыстық нан» сауда нүктесінде және А. Ықыласовтың «Тұмар» сауда дүкенінде белгіленген бағамен саудалануда, бөлінген ұнды нысаналы пайдалану үшін және белгіленген бағамен сатылуы әкімдік тарапынан үнемі қатаң бақылауда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив